АСТАНАДА МҰСЫЛМАН АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

12 қазан 2023 1965 0
Оқу режимі

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХІ отырысы аясында Мұсылман ақсақалдар кеңесі өкілдігінің ашылу рәсімі өтті. Игі іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.

Парламент Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесі өкілдігін ашу туралы ұсынысты Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед әт-Тайеб жасағанын айтты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаға қолдау білдірген.

«Мұсылман ақсақалдар кеңесі барлық діндердің ынтымағын нығайтуды көздейді. Осындай беделді ұйымның аймақтағы өкілдігінің Қазақстанда ашылуы біз үшін үлкен мәртебе», – деді М.Әшімбаев.

Айта кетейік, Мұсылман ақсақалдар кеңесі – бейбітшілік пен жаһандық дінаралық диалогты нығайту мақсатымен құрылған тәуелсіз халықаралық ұйым. Кеңестің филиалдары бұған дейін Швейцария, Мысыр және Марокко елдерінде ашылған.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру