Астанада «Салауатты жамағат» VI спорттық спартакиада өтті (ФОТО)

27 ақпан 2019 7596 0
Оқу режимі

Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы «Салауатты жамағат» атты дәстүрлі қалалық спорттық ойындар өткізілді. ҚМДБ Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттері жамағаты арасындағы бірлікті, бауырмашылдық пен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, жалпы адами құндылықтарды, гуманизмді және толеранттылықты қалыптастыру мақсатында өтетін қалалық спорттық ойындар осымен VI рет ұйымдастырылып отыр.

Іс-шаралының ашылуына қатысқан ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Көпен Әділет спорттық додаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Осы шараға арнайы қатысқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің І наиб имамы Қанат Қыдырмин, ҚМДБ-ның  І наиб мүфтиі, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Сонымен бірге іс-шараның мақсаты жайында тоқталды.

Сонымен қатар,  Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Жапал Долиев те ашылу салтанатына арнайы қатысып, спорттық ойындардың маңызына тоқталды.

Жарыс ережесі бойынша, 16-35 жас аралығындағы 5 адамнан құралған мешіт командалары  «Асық ату», «Арқан тарту», «Гір тасын көтеру», «Қол күресі»,  «Өгіз тартыс» қатарлы аталымдар бойынша сайысқа түсті. Сонымен бірге, қызықты өткен «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы» қатарлы айналымдарда қатысушылар өздерінің ұлттық өнерлері мен спорттық ерекшеліктерін көрсетті.

Тартысты спорт додасы бес сағатқа созылды. Қазылар алқасы балдық жүйемен топтың белсенділігін бағалап, шын жүйрікті анықтауға ден қойды. Әділ қазылардың ортақ ұйғарымымен үздік деп танылған мына командалар жүлделі орындармен марапатталды.

І орын  «Әлжан ана» командасы («Әлжан ана» мешіті)
ІІ орын – «Қыран» командасы («Нұр Астана» мешіті)
ІІІ орын – «Сұлтан» командасы («Әзірет Сұлтан» мешіті)

Сондай-ақ, спорттық ойындар сайысында жақсы ойын үлгісін көрсеткен бірқатар үздік ойыншылар жеке-жеке марапатталды. Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан өзге топтарға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

11

1

1

1

Пікірлер Кіру