АСТАНАДАҒЫ «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

24 ақпан 2023 4210 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов мешіт жамағатына жұма уағызын айтып, жаңа қызметкерді таныстырды.

Cондай-ақ, бұған дейін «Әл-Ғани» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Бағдат Абдукаримовке жамағат атынан ризашылығын жеткізіп, Астана қаласы өкілдігінің арнайы «Алғыс хатын» таныстырды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Әл-Ғани» мешітіне бас имам болып тағайындалған Матаев Дулат Қабиденұлын таныстырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Матаев Дулат Қабиденұлы 2005-2009 жылдары Павлодар каласы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы, 2007-2008 жылдары Павлодар мемлекеттік С.Торайғыров атындары университетінің «Мәшһүртану» орталығының ғылыми қызметкері, 2019-2011 жылдары Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің найб имамы, 2012-2013 жылдары Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінін директоры, 2013-2017 жылдары Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы, 2017-2018 жылдары Алматы каласы, Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешітінің найб имамы, 2018 жылдың акпан айынан Павлодар қалалық «Бижан» мешітінің найб имамы, 2018 жылдың караша айынан Астана қаласы «Нұр-Астана» мешітіне карасты сауат ашу бөлімінің (Ислам орталығы) жауапты ұстазы, 2019 жылдың тамыз айынан бастап Астана каласы «Әлжан ана» мешітінің найб имамы, 2020 жылдын 28 казан айынан Акмола облысы, Целиноград ауданы, Косшы ауылындағы «Бөгенбай батыр» мешітінің бас имамы, 2021 жылын маусым айынан бастап «Екібастұз» қалалық мешітінің бас имамы қызметтерін жемісті аткарған.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру