Астанадағы «Ақмешітке» жаңа наиб имам тағайындалды (ФОТО)

03 наурыз 2019 8014 0
Оқу режимі

Жақында ғана Елорда жамағатына есігін айқара ашқан «Ақмешіт» мешітінің қызметкерлер құрамы күн санап білікті мамандармен толығу үстінде. Осы өткен жұма күні Астана қаласындағы оныншы құлшылық ордасына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен жаңа наиб имам тағайындалды.

Жұма намазына жиылған жамағатқа республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин Бас мүфти бұйрығын оқып беріп, жаңа наиб имам Алшынбаев Қанат Мұқанғалиұлын таныстырып өтті. Асыл дініміздің жолында аянбай қызмет етудің сауапты һәм жауапты мамандық екенін еске салған Қанат Қыдырмин жаңа ашылған құлшылық ордасының жұмысын жандандыруға үндеді. Елордада жалғасқан еңбек жолының жемісті болуын тілеп, жаңа қызметіне сәтттілік тіледі.

«Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетін (2001-2005жж) үздік тәмамдаған Қанат Алшынбаев бұған дейін Көкшетау қаласындағы «Науан хазірет» мешітінің наиб имамы (2010-2013ж.ж.), «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (2013-2017ж.ж.) қызметтерін жемісті атқарып келген.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру