АТЫРАУДАН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫА 8 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

01 сәуір 2024 389 0
Оқу режимі

29 наурыз күні атыраулық еріктілер «Күшіміз – бірлікте» акциясын бастаған болатын. Тасқын судан зардап шегіп жатқан көршілес Ақтөбе облысына «Күшіміз – бірлікте» акциясы аясында Атыраудан  8 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Еріктілердің, қоғам белсенділерінің, жергілікті мәслихат депутаттарының, кәсіпкерлердің және Атырау қаласы тұрғындарының күшімен үш күннің ішінде жиналған  8 тонна азық-түлік, жеке гигиеналық заттары, киім, ая киім, дәрі-дәрмектер және басқа да қажетті тұрмыстық заттар тиелген екі ауыр жүк көлігі бүгін таңғы сағат 9-да жолға шығып кетті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру