Ауыл имамына баспана салып беретін болды

02 наурыз 2020 5825 0
Оқу режимі

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық мешітінде болды. Бас имам ауыл мешітінің ахуалымен танысты.

Ауыл имамы Әділ Төлепберген бас имамға ауылдағы діни ахуал, меіттен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндап берді.

Ауыл имамы: «ҚМДБ-дан және өкілдіктен берілген тапсырмалады назарда ұстап, іске асырып, дініміздің тағылымын насихаттаудамыз. Қайырымдылық жасап, жат ағымдардың алдын алу үшін бірқатар іс-шаралар жасап жатырмыз. Жамағаттың белсенділігі жоғары» деп атап өтті.

Ауылдың бас имамы көпбалалы отбасы болғандықтан баспана қиындығын тартып келе жатқандығын айтты. Мәселе жедел шешімін тауып, аудан әкімі Серік Зайнулдин ауыл имамы Ә.Төлепбергенге баспана салып беруге уәде етті.

«Ауыл имамы баспанасыз жүрмеуі керек. Себебі қазіргі таңда діни қызметтегі имамдардың әлеуметтік мәселесіне баса назар аударуға тиіспіз. Сол себепті аудан әкімдігі асар жасап үй салып береміз» деді аудан басшысы С.Зайнулдин. 

ҚМДб Өскемен аймағынң бас имамы дін қызметкеріне жасап отырған қолдау, көмегі үшін аудан басшысына алғысын айтты.

ШҚО: Айнабұлақ имамына баспана беріледі

 

Дереккөз: Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру