АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫНА ТҮРЛІ ТОП ӨКІЛДЕРІ ШАҚЫРЫЛДЫ (ФОТО)

20 сәуір 2023 1430 0
Оқу режимі

Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде Рамазан айының соңғы екі күнінде ауызашар дастарханына «Мүгедектер» қоғамы, «Ардагерлер» ұйымы, «Зағиптар» қауымдастығы, Ислам дінін жаңадан қабылдағандар мен көп балалы отбасылар (11 балалы отбасы), «Ақсақалдар» алқасы, еріктілер мер қоғам белсенділері, журналистер, «Шабыт» университетінде оқитын өнерлі студенттер мен Қазақстан студенттер альянсының бір топ студенттері арнайы шақырылып, уағыз-насихат айтылды. Берекелі жиынға келгендер мешіт ұжымына өз ризашылығын білдіріп, келесі Рамазанға аман-есен жетуімізді тіледі.

Айта кетейік, мешітіміздегі биылғы жылдың соңғы ауызашар дастарханында бір ай бойы ауызаштырған демеушілерге арнайы дұға жасалып, ата-баба рухына Құран бағышталды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру