Әйел шәкірттері арасында білім байқауына іріктеу жүргізілді (ФОТО)

10 желтоқсан 2018 7050 0
Оқу режимі

Кеше Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттері арасында жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі Білм байқауының іріктеу кезеңі болып өтті. «Әйелдерге арналған ғылымхал» кітабы бойынша құралған тест сұрақтарынан жоғары ұпай жинаған шәкірттерге Тәуелсіздік күніне орай өтетін ақтық сайысқа жолдама берілетін болады.

Білім байқауының іріктеу кезеңіне «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Діни сауат ашу курсының қазақтілді 3 тобы бойынша жалпы саны 90-ға жуық шәкірт қатысып, фиқһ саласы бойынша өз білімдерін тексерді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда шәкірттер саны 600-ден астам республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Білм байқауы осымен төртінші жыл тұрақты түрде өткізіліп келеді. Өткен аптада Бас мешіттің ер шәкірттері арасында «Ислам ақидасы» бойынша Білім байқауына іріктеу жүргізілген болатын.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру