Әйел ұстаздар онлайн сабақ жүргізеді

22 шілде 2020 5184 0
Оқу режимі

Елімізде жарияланған карантин режиміне орай қазіргі таңда ҚМДБ-ға қарасты құлшылық ордаларының қызметіне шектеу қойылғанымен, уағыз-насихат сабақтары, қайырымдылық шаралары секілді іргелі бағыттар бойынша жемісті жұмыстар атқарылып келеді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында бүгінгі таңда еліміздегі ірі мешіттерде онлайн сабақтар мен Құран хатым, арнайы сабақтар кестесі түзіліп, оқырман сұранысына тұшымды жауап беріп келеді.

Осы орайда, ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі де карантин режимі кезіндегі Онлайн дәрістер топтамасын қайта жандандырып отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған өкілдік ұйымдастыруымен бірнеше мәрте онлайн жобалар іске қосылып, оқырман ризашылығына бөленген болатын.

Төменде көрсетілген кесте бойынша енді ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің әйел-қыздар секторы «Бала тәрбиесі», «Әйел сахабалардың өнегелі өмірлері», «Отбасы ғылымхалы», «Әйел бақыты» тақырыбында тұрақты түрде дәріс жүргізетін болады. Иманыңызды күшейтіп, біліміңізді арттырғыңыз келсе, онлайн сабақтарға қатысыңыз!
 

Пікірлер Кіру