ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ (ФОТО)

13 қараша 2023 1331 0
Оқу режимі

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Елорда мешіттерінің әйел жамағаты арасында волейболдан «Ынтымағы жарасқан жастар» атты жарыс өтті. ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен жарысқа қаладағы 10 мешіттен 10 команда қатысып, өзара бақ таластырды.

Тартысты өткен ойын нәтижесінде Республикалық Бас мешіттің әйел жамағаты бас жүлдені еншіледі. Ал, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті мен «Раиса ана» мешітінің командалары ІІ және ІІІ  орын иеленді. Жеңмпаз командаларға арнайы «Алғыс хат» табысталып, сыйлықтармен марапатталды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру