ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМА УАҒЫЗЫ ЖАЛҒАСУДА

17 ақпан 2023 2586 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен әр жұма сайын әйел жамағатына арналған уағыз-насихат жұмысы үздіксіз жалғасып келеді.

Бұл жолғы насихат мінберіне ҚМДБ Астана өкілдігі бойынша әйел-қыздар секторының басшысы Зарина Шамидуллақызы шығып, жамағатқа «Шүкіршілік» тақырыбында тұшымды уағыз айтты.

«Алланың нығметін санайтын болсақ, санына жете алмасымыз ақиқат. Міне осындай жоғары мәртебеге ие жаратылыс ретінде жер бетінде сан-санақсыз нығметтермен ризықтандырып, өмірдің сан алуан жақсылықтарын нәсіп еткені үшін Аллаға құлдарының шүкіршілік етуі заңдылық, Шүкір ету – әрбір момынның білуі, атқаруы тиіс ғибадаттың бірі және ол мұсылманшылық әдепке жатады», - дейді мешіт ұстазы Зарина Жукенова.

Кездесу соңында ұстаз әдеттегідей жамағат сауалына жауап берді.

Айта кетейік, әйел жамағатына арналған «Жұма насихаты» қыркүйек айынан бері «Ихсан» кітабы бойынша жүргізілуде.​​

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру