Әйел жамағатына «Рамазанға дайындық» тақырыбында уағыз айтылды (ФОТО)

11 наурыз 2022 3802 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр жұма сайын әйел жамағатына арналған уағыз сағаты бүгін де өз жалғасын тапты. Жұма намазы оқылып болғасын әйел жамағатына «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Зарина Жүкенова «Рамазанға дайындық» тақырыбында насихат айтты.

Айлардың сұлтаны Рамазанға мұсылман баласы, соның ішінде, әйел жамағатының дайындығы қандай болуы керектігін, жалпы бұл айда ауыз бекітуден бөлек қандай абзал амал-әрекеттерге мән беру қажеттігін, қасиетті айдағы нәпсі тәрбиесі мен көркем мінезге қол жеткізу жолдарын тәптіштей түсіндірген ұстаз уағызы жамағатқа ерекше әсерлі болды.

Уағыз соңында әдеттегідей жамағат сұрақтарына кезек беріліп, түрлі тақырыптар бойынша жауап қайтарылды.

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру