Әйел жамағатына шеберлік сабағы өткізілді (ФОТО)
09 қаңтар 2020
6029
0
Оқу режимі
Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйелдер жамағатына арналған шеберлік сабағы өтті. «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен кездесуге белгілі визажист Жаннұр Төремұрат шақырылып, қыз-келіншектерге «Сұлулық – көңіл айнасы» атты шеберлік сабағын өткізді.
Әйел кісінің жары алдында көркем бейнеде болуын шариғатымыз да құп көреді. Ислам ғалымдары да әйелдердің күйеуі алдындағы міндеттерін былай деп атап көрсеткен: «Әйелдің күйеуі үшін әшекей тағып сәнденуіне және боянуына шек қойылмайды. Қайта бұл сауапты іс».
Жиын соңында Жаннұр ханымға «Алғыс хат» табысталып, діни кітаптар сыйға берілді.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру