ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

24 желтоқсан 2022 2470 0
Оқу режимі

Елордамыздағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастырумен мешітаралық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысы өтті.

Мешітте білім алып жатқан шәкірттердің білімін тексеру мақсатында өткен бұл сайыс екі аталым бойынша жүргізілді. Атап айтсақ, Құранды көркем оқу және 30-параны жатқа айту.

Шара басталмас бұрын «Кунта қажы» мешітінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ қатысушыларға өз ризашылығын білдіріп, Алланың қасиетті кітабы Құран Кәрімді жаттаудың сауабы мен маңыздылығы жайында жамағатқа уағыз айтты. 

Жеңімпаздарға арнайы ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар және де қасиетті Құранды басып жазуға арналған дәптерлер сыйға берілді. 

Сайыс нәтижесі:

«30-параны жатқа оқу» аталымы бойынша:
1-орын – Әуесхан Ажар («Сәдуақас Ғылмани» мешіті)

2-орын – Қанасова Амина (Республикалық Бас мешіт)

3-орын – Райымбек Сауле («Әзірет Сұлтан» мешіті)

«Құранды көркем оқу» аталымы бойынша:
1-орын –Қабланбекова Гаухар («Әзірет Сұлтан» мешіті)

2-орын – Сүйіндікова Арай («Сәдуақас Ғылмани» мешіті)

3-орын – Қуатова Жұлдыз («Шейх Кунта қажы» мешіті)

Суреттер топтамасын  «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру