Айт мерекесіне орай ұлттық ойындар ойнатылды (ФОТО)

02 мамыр 2022 3224 0
Оқу режимі

Қасиетті Ораза айт мейрамының құрметіне орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ауласына арнайы киіз үйлер тігіліп, мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Айтшылап келген қонақтар үшін арнайы дастархан жайылып, қариялардың ақ батасымен нұрлана түсті.

Бұдан бөлек, әйел ұстаздар мен жамағатының ұйытқы болуымен қайырымдылық жәрмеңкесі де өткізіліп, мешіт ауласында мереке көрігін тағы қыздыра түсті.

Сондай-ақ, ұлық мерекеде Ұлттық спорт ойындары да ұлықталып, арқан тартыс, гір көтеру, қол күресі және асық ату бойынша жамағат арасында сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы марапат берілді.

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру