АЙТ МЕЙРАМЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ (ФОТО)

23 сәуір 2023 1899 0
Оқу режимі

Астана қаласында «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты «Инабат» қыз-келіншектер клубының қатысуымен «Кел, айттайық, балақай!» атты балаларға арналған мерекелік шара өтті. Балаларға мұсылманның төл мерекесі – Ораза айттың маңыздылығын білдіу, сезіндіру мақсатында ұйымдастырылған шараға 100 бала қатысты.

8 жасар Мұхаммед әмин Бауыржанұлы Құранмен бастап берген рухани ойын-сауық кешінде қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы алғы сөз сөйлеп, айт мейрамымен құттықтады. Сондай-ақ, балаларға айттық сыйлығын табыстап, ізгі лебізін білдірді.

Рухани кеште аниматорлардың қатысуымен қойылымдар қойылды. Спорттық және рухани-танымдық ойындар ойнатылып, ән мен күйден шашу шашылды. Балалардың көңілін көтеру мақсатында қынамен сурет салынып, тәтті-дімдіден дастархан жайылды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру