Айт намазы Астана қаласы бойынша 15-маусымда оқылады

13 маусым 2018 10895 0
Оқу режимі

Астана қаласы бойынша биыл Ораза айт намазы 15-маусым күні таңғы сағат 7:00-де оқылады.

Айт намазы күннің ұясынан толық шығып найза бойы көтерілгеннен бастап бесін намазына дейінгі аралықта оқылады. Жергілікті халықтың ыңғайына қарай намаздың уақытын сол жердің имамы нақтылайды. Айт намазының оқылуын мына сілтемеден көре аласыздар!

Айттың мына әдептеріне көңіл аудару керек:

  • Ғұсыл алу;
  • Таза киім кию;
  • Хош иіс себіну;
  • Намаздан алдын тақ санды бір немесе үш... құрма жеу;
  • Намазға тәкбір айтып бару. Еркек адам дауыстап, әйел адам іштей айтады; (Тәкбір түрлері: Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар!
  • Намазға жаяу бару;
  • Бір жолмен барып, басқа жолмен қайту.

Бұл айтылғандар – айттың әдептерінен. Бұл істерді істеу мұсылман үшін нұр үстіне нұр амал болып табылады.

Қасиетті Ораза айт мерекесіне орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті бірқатар шаралар ұйымдастырып, мұсылмандардың ұлық мейрамын өз дәрежесінде атап өтуді жоспарлап отыр. Айт намазынан соң мешіт ауласында спорттық шаралар ұйымдастырылып, «Қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілетін болмақ. Сондай-ақ, Ораза айтының құрметіне орай Астана қаласындағы мұқтаж отбасыларға арналған «Айттық бізден болсын!» қайырымдылық шарасы өтеді.

Келе жатқан Ораза айттарыңыз оң болсын!

Пікірлер Кіру