Айт намазына келген бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылды (ФОТО)

02 мамыр 2022 2893 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне айт намазын оқуға келген әйел жамағаты мен бүлдіршіндер үшін бүгінгі күн шыныменде мерекеге айналды. Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен айт намазынан соң арнайы мерекелік шарлар мен тәттілер таратылып, жамағатқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мешіт ұстаздары мен шәкірттері таратқан мерекелік шарлар мен тәттілер келушілердің жүзіне қуаныш ұялатып, бүгінгі мерекенің сипатын сездіргендей болды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру