Айтыстан түскен қаржыны қайырымдылыққа аударды

16 мамыр 2019 6786 0
Оқу режимі

Танымал ақындардың Ақтөбеде өткен айтыс кешінде өнер жолында жүрген Нұржан Есекеевке 500 мың теңгенің серификаты табысталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Елді аралап жеке кештерін беріп жүрген танымал айтыскер ақындардың төрттігі Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқамысова, Жандарбек Бұлғақов кеше Ақтөбе қаласында болды. Көрерменге әзілі мен шыны аралас рухани кеш сыйлаған ақындар билеттен түскен 500 мың теңгені Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің әртісі Нұржан Есекеевке табыстады.

«Жүрген жерімізде халыққа билет сатқандағы мақсатымыз бір пайда табайық деген ой емес. Түскен пайданы сол елдегі мұқтаж жандарға тапсырып келеміз. Талдықорғаннан бастап пәтердің кілтін бердік, ақшалай сыйладық. Бос жүрмей жас дарындарды, өнерпаздарды да қолдап жүрейік деген ниетіміз бар. Біздің Ақтөбеден шыққан Диамшымыз бүкіл әлемді шулатып жүр. Ақтөбе өңірінен әлі талай Ахмет Жұбановтар шығатынана күманымыз жоқ. Бүгін сондай бір қайырымдылық шарасын жасағымыз келіп отыр. Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің әртісі, төрт баланың әкесі Нұржан есімді бауырымызға қаржылай көмек көрсеткіміз келеді. Өзі қайырымдылық жолында жүрген жігіт. Үш баланы асырап алған», — деді айтыскер ақын Балғынбек Имашев.

 

Пікірлер Кіру