«ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ»: 40 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫ» МЕН СУ ЖАҢА КИІМДЕР ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

19 наурыз 2024 747 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінде әлеуметтік көмекке мұқтаж 40 отбасыға «Рамазан сыйлығы» мен су жаңа киім-кешектер табыс етілді.

Сауапқа толы берекелі шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов және Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Элмира Серікбайқызы арнайы қатысты.

Ал, игі шараны ұйымдастырушы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Күлсара Бекетқызы қолдау білдіріп отырған бас имамға және демеушілік жасаған «Әжелер өнегесі» клубы мүшелері мен Құран әліппесінен білім алушы шәкірттерге өз алғысын жеткізді.

Рамазан – қайырымдылық айы. Осы орайда өкілдікке қарасты құлшылық үйлері сауабы мол игі амалдарда барынша белсенділік танытып келеді.

Суреттерді толығырақ сайтымыздың «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Пікірлер Кіру