«Әзірет Сұлтан» мешіті 80 отбасыға азық-түлік таратты (ФОТО+ВИДЕО)

07 сәуір 2020 4676 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен Елордамыздағы мұқтаж отбасыларға жәрдем көрсетілді. Мешіт қызметкерлерінің ұйытқы болуымен «Gentelmen’s club» белсенділер тобы игі шараға атсалысып, 80 отбасыға азық-түлік қоры және де медициналық бетперделер таратылды. 

Ел басына күн туған қысылтаяң шақта еліміздегі құлшылық ордалары қайырымдылық шараларын барынша күшейтіп, мұқтаж жандарға мейлінше жақын болуға тырысып келеді. Бұған дейін де ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің қызметкерлері бірнеше мәрте демеуші жамағаттың қолдауымен қайырымдылық шараларын өткізген болатын. ҚМДБ жұмысының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне орай бұрынғыдан да баса мән беріліп отыр.

Бүгінгі қайырымдылық шарасына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған ұжым белсене атсалысып, келушілерге жылы лебіздерімен рухани қолдау көрсетуге тырысты. Айта кетейік, қайырымдылық шарасы аясында әр келушіге салмағы 33 келі болатын, 2 тонна 640 кг-ға жуық күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажетті азық-түлік сөмкелері таратылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Пікірлер Кіру