«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ «ПАЙҒАМБАРЛАР СҰЛТАНЫ» АТТЫ МҮШӘЙРА ЖАРИЯЛАЙДЫ

17 қараша 2018 8629 0
Оқу режимі

Ардақты Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз туылған Мәуліт айының құрметіне республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті «Пайғамбарлар сұлтаны» атты жыр мүшәйрасын жариялайды!

Мүшәйраға қолында қаламы, жанында талабы бар кез келген ақын қатыса алады. Бәйге шарты бойынша әр ақынның Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға арнаған бір ғана өлеңі сарапқа салынады. Туынды 14 қаріппен жазылып, екі беттен аспауы тиіс. Сондай-ақ, шығарма бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы керек. Өлең авторының қысқаша өмірбаяны мен суреті қоса жіберілуі тиіс. Хат соңында байланыс телефонын көрсетіңіздер.

Шығармаларды қабылдау желтоқсан айының 15-жұлдызына дейін жүргізіледі. Мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Астана қаласында болатын Мәуліт кешінде өтеді.

Электронды пошта: baige2018@mail.ru

         Бәйге жүлделері:

1-орын – Кіші қажылық
2-орын – Ноутбук
3-орын – Смартфон

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру