«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

07 қазан 2023 1261 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторы мен Діндерді зерттеу орталығының мамандарының бірлесе ұйытқы болуымен «Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы» атты семинар өтті. Теолог мамандармен бірге, психолог, гинеколог секілді медицина мамандары да баяндама жасап, тұшымды ақпараттарға толы өткен семинар жұмысына «Әзірет Сұлтан» мешітінің 20-ға жуық әйел жамағаты қатысты.

Атап айтқанда, семинар қатысушыларына «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызы, Діндерді зерттеу орталығының психолог маманы Жанна Абдуалиқызы, Жоғарғы дәрежелі акушер-гинеколог Әкетаева Әсем Сағындыққызы, Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Талшын Зарқымқызы баяндама жасады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру