«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ АЙТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ (ФОТО)

21 сәуір 2023 1710 0
Оқу режимі

Бүгін, исі мұсылманның төл мерекесі – Ораза айт мейрамына орай Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде айт намазы оқылып,  мерекелік іс-шара өтті. Ұлттық дәстүрімізге сай айт намазына келген жамағат үшін қос қазақ үй тігіліп, Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен мерекелік дастархан жайылды.

Арнайы жайылған айт дастарханынан ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Оңғаров Ершат Ағыбайұлы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Көлгінов Алтай Сейдірұлы бастаған құрметті қонақтар дәм татып, айт мейрамымен құттықтады. Олар Рамазан айындағы ізгі амалдардың қабыл болуын тілеп, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы үшін дұға жасады.

Сонымен қатар, мерекелік шараға орай мешіт ауласында әйел жамағатының ұйымдастыруымен  қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп, тәтті тағамдар мен мұсылман тауарлары, кітаптар сатылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру