«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

23 мамыр 2024 777 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде биылғы оқу жылының аяқталуына орай Астанадағы мектеп түлектеріне арнап «ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!» атты іс-шара өткізілді. Шараға Астана қаласындағы білім ордаларынан түлеп ұшқан оқушылар шақырылды.

Құран аяттарымен ашылған шарада кеш тізгінін ұстаған Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қатысушы қонақтарға сөз кезегін ұсынды.  

Шара қонақтары ретінде наиб мүфти, ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі ұстаз Сансызбай Құрбанұлы, Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ қажы Озғанбайұлы, ҚМДБ «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай, Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының теолог-психологы Эльмира Қайырғалиқызы шақырылып, түлектерге насихат жұмысы жүргізілді.

Шара аясында мектеп түлектеріне білім-ғылымның маңыздылығы айтылып, алда келе жатқан ҰБТ науқанына рухани дайындық жасауға талпындырылды. Кездесу барысында түлектер рухани һәм психологиялық тұрғыдан пайдалы кеңестерді тыңдады. Cондай-ақ, түлектер де ортаға шығып өз алғыстары мен  пікірлерін ортаға салды.

Кеш соңында ұстаздар мен ақсақалдар түлектерге батасын беріп, сыннан сүрінбей өтулерін тіледі.  

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Пікірлер Кіру