«Әзірет Сұлтан» мешітінде Қадір түнінде әуезді Құран оқылды

17 наурыз 2026 45 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қадір түніне арналған рухани бағдарлама аясында қасиетті түннің құрметіне жиналған жамағатқа қарилар әуезді Құран аяттарын мәнерлеп оқып, Алланың кәләмімен сусындатты.

Қарилардың көркем қырағаты мен әуезді дауысы көпшіліктің көкейін ықыласқа бөлеп, Қадір түнінің қадір-қасиетін сезінуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, жиналған қауымға Құран тыңдаудың сауабы мен қасиетті түннің артықшылықтары жөнінде насихат айтылып, жамағат дұға жасап, ізгі тілектер тіледі. Мешітке келген тұрғындар түнді құлшылықпен өткізіп, рухани кештен ерекше әсер алып тарқасты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру