«Әзірет Сұлтан» мешітінде қайырымдылық дүкені ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

03 маусым 2019 5789 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндері республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде игі шаралардың қатары көбейіп, жамағат игілігі үшін бірқатар шаралар жасалды. Солардың бірі – республикалық Бас мешітте жамағатқа арналған «Рахмет» қайырымдылық дүкені ашылып отыр.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған қайырымдылық дүкенінде демеуші жандар әкеліп өткізген түрлі киім-кешектер жуылып-тазартылғаннан кейін арнайы дүкен сөрелеріне қойылып отыратын болмақ. Мұқтаж жандар өздеріне қажетті киім түрін осы жерден таңдап алып отыратын болады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру