Әзірет Сұлтан мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

29 қаңтар 2024 820 0
Оқу режимі

Өткен қасиетті жұмада "Инабат" әйелдер клубының бастамасымен "Әзірет Сұлтан" мешітінде дәстүрлі түрде ай сайын өтетін қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Әйелдер жамағаты сатуға арналған кондитерлік өнімдер мен ыстық тағамдар дайындады, сонымен қатар жәрмеңкені "ТӘП-ТӘТТІ""Мармеладка"Love and lemons Cheese cake. тағамдары қолдады.

Қайырымдылық ісінде қолдау көрсеткен барлық жанашырларға алғыс айтамыз, барлық түскен қаражат "Инабат"әйелдер клубының қайырымдылық бөлімінің жоспарына сүйене отырып, іс-шаралар арқылы іске асырылатын болады.

Егер сіз ақпан айының соңында өтетін келесі жәрмеңкеге қолдау көрсеткіңіз келсе, +7702 917 5443 (Айша ханум) нөміріне хабарласа аласыз.

 

Пікірлер Кіру