«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ МАҚСАТЫНДА ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

09 наурыз 2024 535 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде жақындап келе жатқан Рамазан айының құрметіне орай жамағат арасында рухани сайыс өткізілді.

Қасиетті айға дайындық ретінде өткен кеште жамағатқа Рамазан айына қатысты викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жеңімпаздарға «Muftyat» баспасынан жарыққа шыққан кітаптар мен түрлі сыйлықтар үлестірілді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамасы аясында жыл сайын үрдіске айналған бұл шара еліміздің соның ішінде Астана қаласының да барлық мешіттерінде өткізіледі.

 

Пікірлер Кіру