«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ШӘКІРТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІМ ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

07 желтоқсан 2022 2150 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!» атты шәкірттерге арналған білім шарасы өтті. «Ислам – ынтымақ пен бірлік жылы» аясында ұйымдастырылған Білім шарасы құптан намазынан соң құлшылық ордасының кіші залында бас қосқан барлық шәкірттердің бір-бірімен етене танысып, жақын араласуына жол аша түсті. Бұған дейін түрлі ауысыммен оқып жүрген шәкірттер тобы «Әзірет Сұлтан» мешітінің барша имам-ұстаздарымен де, жасы үлкен аға-қариялармен де жақын танысып, жамағат бірлігі нығая түсті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің және Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бүгінгі шараның осындай маңыздылығын атап өтіп, білім жолындағы шәкірттерге насихат айтты. Сондай-ақ, шәкірттердің Құранға деген құштарлығын оятып, ізденістерін туғызу мақсатында белгілі қари Мұртаза Ертайұлымен сұхбат жүргізіліп, түрлі сауалдардың шешімі айтылды.

Шара соңында барша шәкірттер қауымына қасиетті Құран кәрім таратылып, қариялардың ақ батасымен аяқталды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру