«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ТОЙ – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ
27 қазан 2026
113
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында тағылымды уағыз өтті.
Уағызды мешіттің наиб имамы Абдулахад Сманов жүргізіп, қазақ халқының той өткізу дәстүрі, ұлттық құндылықтар мен ислам дініндегі әдеп мәселелеріне тоқталды. Кездесу барысында тойдың мақтан мен бәсекенің емес, береке мен бірліктің, тәлім мен тәрбиенің ордасы болуы керектігі айтылды.
Сондай-ақ тойларда ысырапшылдыққа жол бермеу, шариғат талаптарын сақтау, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру мәселелеріне ерекше назар аударды.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру