«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ (ФОТО)

05 мамыр 2024 419 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына қолдау ретінде Астана қаласы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Элмира Серікбайқызының басшылығымен өткен шарада жұма намазына жиналған жұртшылыққа әйел жамағаты өздері қолдан әзірлеген тәтті тағамдарын ұсынып, сауапқы толы сауда жасауларына жол ашты.

Әйел жамағатын бірлікке ұйыстырып, бір мақсатқа жетелеген игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Қайырымдылықтан жиналған қаржы толығымен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекке жұмсалады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру