«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі тігін үйірмесінің түлектері сертификатқа ие болды (ФОТО)

21 желтоқсан 2019 6291 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде айтулы шара болып өтті. Әйел шәкірттерге арналып ашылған «Алтын ине» тегін тігін үйірмесінің кезекті түлектері оқу курсын тәмамдап, арнайы сертификатқа ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы қасиетті Рамазан айының қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арналған тегін тігін курсы ашылған болатын. Шәкірттерді тігін өнерінің сырына қанықтырып, шеберлікке шынықтырған үйірме жетекшісі Рахметова Салтанат осы жолғы түлектердің де «Әйелдің базалық киімдерін пішу және құрастыру технологиясы» бойынша оқу бағдарламасын толығымен тәмамдағанын айтады. Үйірме шәкірттері арасында жасы жер ортадан асқан апалардан бастап, оқушы қыздар да бар көрінеді.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев үйірме шәкірттерін бүгінгі қуаныштарымен құттықтады. Асыл дініміздің әйел затына деген айрықша құрметімен қатар, міндеті де бар екенін тілге тиек еткен наиб мүфти тігіншілік өнерін меңгеріп, бойына жақсы қасиеттерді жинауға тырысқан жамағатқа өз ризашылығын білдірді. 

Шара аясында «Әзірет Сұлтан» мешінің ұстазы Динара Нұрғалиева да үйірме шәкірттеріне құттықтауын лебізін білдіріп, мешіттің әйел жамағаты үшін жасалатын түрлі шаралар мен кездесулер, уағыз-насихат жұмыстары мен діни дәрістерден бөлек, арнайы семинар-тренингтер мен үйірмелер жұмысы да жалғасатынын жеткізді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

 

Пікірлер Кіру