«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

03 маусым 2024 386 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы жамағатқа таныстырылды.

Игі шараға Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов пен ақсақалдар, ақ жаулықты әжелер, мешіттің имам, ұстаздары мен шәкірттері қатысты.

Жамағатқа еңбектің құндылығы түсіндіріліп, кітаптың қысқаша мазмұны таныстырылды. Сондай-ақ, ақсақалдар тарапынан кітаптың лентасы қиылып, жиынға қатысқан жамағатқа таратылды.

Бұл еңбекте асыл дініміз исламның Қазақ даласына келу тарихы, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріндегі діннің алар орны мен бабалар ұстанған шариғат парыздары, иман негіздері, сондай-ақ мұсылмандық әдеп жоралғылары қамтылды. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Дәстүрлі діни танымның тарихи негіздері» деп аталады. Екінші бөлім дәстүрлі діни таным ұстындарына арналды. Ал үшінші бөлімде дін мен дәстүр сабақтастығы кеңінен жазылған.

кітап және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам, орамал, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

9 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және орамал кескіні болуы мүмкін

3 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру