БАС ИМАМ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫН ӨТКІЗЕТІН ҚАРИЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ (ФОТО)

10 наурыз 2024 904 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов құлшылық ордасында отыз күн бойы жамағатпен тарауық намазын өткізетін қарилармен жүздесіп, оларға сәттілік тіледі.

Айта кетсек, Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінде 4 қари тарауық намазын кезек-кезек өткізетін болады. Жамағатты намазға ұйытып, Құран Кәрімнің қасиетті аяттарымен сусындатар қариларымыз туралы мәлімет бере кетсек:

  1. Садырханов Жұманазар қари

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы. Еліміздегі алғашқы қарилардың бірі. «Нұр-Мүбарак» университетінің магистрі, еліміздегі көптеген қарилардың ұстазы.

  1. Доктор Ясир Ахмад Ассутухи

Мысыр елінің тумасы. «Әл-Азхар» университетінің «Құран тәпсірі» және «Қырағат» бөлімінің ұстазы, «Сығанақи» институтының ұстазы, Құранның 10 қырағатынан ижазалы, мужиз қари.

  1.  Мұратов Теміржан қари

Көкшетау қаласының тумасы. «Нұр-Мүбарак» университетінің түлегі (бакалавр), 2012 ж. Иранда өткен әлемдік Құран жарысында еліміздің намысын қорғаған, 2023ж. ХII Республикалық Құран жарысына төрелік еткен, «Асым» қырағаты «Хафс» риуәятынан иджаза алған қари.

  1. Рысбек Әділет қари

Шымкент қаласының тумасы. Иран, Сауд Арабиясы сынды шет мемлекеттерде өткен әлемдік Құран жарыстарында еліміздің намысын қорғаған. IX Республикалық Құран жарысында «Мәнерлеп оқу» номинациясында жүлдегер атанған. Түркия, Сауд Арабиясы және отандық телеарналарында Құран оқу мәртебесіне ие болған. «Асым» қырағатының «Хафс» және «Шуғбә» риуәяттарынан иджаза алған қари.

3 адам кескіні болуы мүмкін

4 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру