Бас мешіт ауласында мерекелік шаралар ұйымдастырылды (ФОТО)

02 мамыр 2022 2817 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті Ораза айт мейрамына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Қазақы дәстүрімізге сай айтшылап келген қонақтар үшін қос киіз тігіліп, мешіт атынан мерекелік дастархан жайылды.

Арнайы жайылған айт дастарханынан ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, қала әкімі Алтай Сейдірұлы бастаған құрметті қонақтар дәм татып, ізгі тілектерін білдіріп шықты. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айт мерекесінің қадір-қасиеті жайлы сөз қозғап, ақ жаулықты апа-әжелерімізге риясыз алғысын білдірді.

Айта кетейік, мешіт ауласында бүгінгі мейрамға орай Әйел-қыздар секторы «Қайырымдылық жәрмеңкесін» қоса ұйымдастырып, жамағатқа қолдан дайындалған түрлі тағамдар мен тәттілер ұсынды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру