Бас мешіт шәкірттері емтихан тапсырды (ФОТО)

30 желтоқсан 2019 5167 0
Оқу режимі

Имандылықтың ордасына айналған республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі әйел шәкірттер арасында «Иман шариғаты» сабағынан жылдық қорытынды емтиханы өтті. 

100 шәкірттен тест түріндегі арнайы емтихан алынды. Ал, тест нәтижесі бойынша ең жоғарғы балл көрсеткішіне ие болған шәкірттер қаңтар айында өткізілетін екінші кезеңге өту мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетсек, бас мешітте осы жылы түрлі білім сайыстары ұйымдастырылды. Ер және әйел шәкірттер Құран сайысы, ақида, фиқһ пәндері бойынша түрлі емтихандар тапсырып, өз білімдерін жетілдіріп келеді. Жылдан жылға мешіт шәкірттерінің де қатары артып келеді.

Пікірлер Кіру