БАС МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ (ФОТО)

11 сәуір 2023 1220 0
Оқу режимі

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте әйел-қыздар секторы бойынша Рамазан айына дейін Құран сабақтарын бастаған қазақ тілді топтардағы 200-ге тарта қатысушының ішінен 96 шәкірт Құранға түсті.

Аталған жайтқа байланысты Бас мешіттің әйел ұстаздары «Рамазан – Құран айы» тақырыбында арнайы салтанатты шара ұйымдастырды.Шара Қарлығаш ұстаздың Құранға қатысты уағыз-насихат айтып, шәкірттерін құттықтауынан бастау алды. Артынан ойындар, сұрақ-жауап өткізіліп, үздік 30 қатысушыға сый-сыяпат жасалды. Ал Құранға түскен 96 шәкірт қасиетті Құран кітаптарына ие болды.

Алдағы уақытта орыс тілді топтарының Құранға түскен шәкірттеріне де осындай шара өткізілмек.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру