БАС МЕШІТКЕ ҮЗДІК ҚАРИЛАР МЕН АЗАНШЫЛАР ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

23 тамыз 2022 2299 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, танымал қарилар мен азаншылар қызметке тағайындалды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен белгілі қари Серік Ахметов наиб имам, танымал қари Мұртаза Балахмет – ұстаз, белгілі қари Ерболат Шаудырбай – азаншы, Қуаныш Бәкенұлы азаншы қызметіне тағайындалды.

Бас мүфти Бас мешіт жамағатына үздік қарилар мен азаншыларды таныстырып, бұйрығын оқып берді. Жаңа қызметтеріне сәттілік тілеп, игі істеріне дұға жасады.

Айта кетсек, Бас мешітке қызметке тағайындалған үздік қарилар мен азаншылар бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы орталық мешіттерде жауапты қызмет атқарған. 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру