Бас мешітте балуандарға ауызашар берілді (ФОТО)

31 мамыр 2019 5156 0
Оқу режимі

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Берекелі Рамазан» дастарханына Елордамыздағы балуандарымыз шақырылды. Боз кілемде төрінде еліміздің намысын қорғап жүрген білекті жігіттер құлшылық ордасында бас қосып, бір сапта тұрпы құлшылық жасады. Спортшылар қауымын қарсы алып, бірге ауыз ашқан мешіт ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев балуандарға рухани насихат айтып, қасиетті Рамазан айын сауапты өткізуге үндеді.

Сайдың тасындай іріктелген спортшылар бас қосқан берекелі дастархан басында тағы сауапты іс орын алды. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен спортшы ағаларының ізін жалғастырып, жастайынан спортты серік еткен Орынбек Нұрмұхаммед есімді балақайға сыйлық жасалды. Жас спортшыға өз тілегін айтып, батасын берген Қазақ күресінің шебері, Азия чемпионы Айбат Сейтен «6 айға арналған тегін абонемент» тарту етті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру