БАС МҮФТИ ӘЗЕРБАЙЖАНДА ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚТЫ АРАЛАДЫ (ФОТО)

03 мамыр 2024 765 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әзербайжан Республикасына барған ресми сапары аясында Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығын аралады.

Физули қаласындағы бұл өнер ордасын өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықтың символы ретінде Қазақстан салып берген болатын.

Еске салсақ, кеше Бакуде «Бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздік үшін диалог: ынтымақтастық және өзара іс-қимыл» тақырыбында VI әлемдік мәдениетаралық форум өткен болатын. Халықаралық жиынды Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ашып, шетелден келген дін қайраткерлері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтқан еді. Іргелі іс-шара бүгін Шуша қаласында жалғаспақ.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру