Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінде айт намазын оқыды (ФОТО)

02 мамыр 2022 2565 0
Оқу режимі

Бүгін – қасиетті Ораза айт мерекесі. Исі мұсылман үмметіне қадірі ерекше қос мерекенің бірі болған Ораза айт мейрамы Елорда бойынша таңғы сағат 07.00-де айт намазын оқумен басталды. намазға дейін жыилған жамағатқа Нұр-Сұлтан қаласының және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов Ораза айт мерекесі жайлы насихат айтты.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі айт мерекесіне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзі қатысып, жамағатты Ораза айтпен құттықтады. Жиылған жамағатқа бүгінгі мерекенің мән-маңызын жеткізіп, айт намазының оқылу үлгісімен таныстырды. Айт намазына имамдыққа шығып, айт намазының құтпасын оқыды. Намаз соңынан жамағатпен бірге дұға жасап, еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру