Бас мүфти батагөй қариялардың батасын алды (ФОТО)

29 мамыр 2020 3772 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында біртоп қариямен кездесіп, сұхбаттасып, батасын алды.

«Үлкеннің батасын алып, алғысына бөлену – дініміз бен дәстүрімізде бар құндылықтың бірі. Алла Тағала ата-ананың ақысы мен құрметін Өзінен кейін орынға қойған. Сіздердің баталарыңызды алу – маған да үлкен мәртебе. Сапарға шықпай тұрып үлкеннің батасын алу – асыл дініміздегі сауапты һәм тәрбиесі мол амалдың бірі екенін баршамыз жастарымызға көбірек түсіндіруіміз керек. Берген баталарыңыз қабыл болсын. Алла Тағала сіздердей қарияларымызға күш-қуат, жастарымызға иман байлығын нәсіп еткей», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында батагөй ақсақалдар Жаңаөзенге ат басын тіреген ҚМДБ қызметкерлерінің қадамына құтты болсын айтып, ізгі тілегін жаудырып, ағынан жарылды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру