Бас мүфти «Батаменен ел көгерер» жобасына қатысты (ФОТО)

29 сәуір 2020 5319 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін арнайы зиярат еткен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Батаменен ел көгерер» онлайн жобасына қатысты. «Әзірет Сұлтан» мешітінің инстаграмм желісіндегі парақшасы  https://www.instagram.com/muslim.kz/ арқылы тікелей эфирге шыққан Бас мүфти еліміздің амандығын сұрап, Жаратушы Аллаға дұға жасады.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Бас мүфти бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Батаменен ел көгерер» атты жоба іске қосылған болатын. Күн сайын таңғы сағат 09:00 мен 20:00 аралығында әр жарты сағат сайын Бас мешіт имамдары тікелей эфирге шығып, арнайы дұға жасап келеді.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру