Бас мүфти бұрынғы наиб мүфтидің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

19 қараша 2018 5958 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бұрынғы наиб мүфти Зайнилабиддин Мәуленұлының қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Ардақты ағамыз, жанашыр бауырымыз, ұстаз, имам Ахмедов Зайнилабиддин Мәуленұлының қазасы туралы қаралы хабар менің де қабырғамды қайыстырды. Иманы саламат болғай. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, барша дін қызметкерлеріне өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан қайғыра көңіл айтамын. Зайнилабиддин Мәуленұлы Алланың берген өлшеулі өмірінің 30 жылдан астам уақытын имамдық қызметке бағыштады. Осы жылдар ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, Оңтүстік, Батыс Қазақстан облыстарында өкіл имам қызметін атқарды. Ол асыл дініміздің жанашыры еді. Көпке үлгі лайықты ұстаз болды. Алла Тағала марқұм Зайнилабиддин Мәуленұлын мейіріміне бөлеп, жанын жәннаттық еткей. Қазаның арты қайырлы болғай. Жаратқан Жаббар Иеміз артында қалған ұрпағына жар болсын деп тілейміз. Әмин», – делінген Бас мүфтидің жеделхатында.​

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру