БАС МҮФТИ «ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

28 қараша 2025 317 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Тараз қаласының «Һибатулла Тарази» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Мәшһүр Жүсіп және оның рухани мұрасы» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ даласының діни және рухани кемеңгері, оның қалдырған мол мұрасы халықтың ұлттық санасының қалыптасуында, діни дүниетанымының тереңдеуінде ерекше маңызға ие. Ғұлама өз шығармаларында ислам дінінің имани негіздерін ғана емес, сонымен қатар қазақтың дәстүрлі мәдениетімен сабақтастығын жан-жақты ашып көрсетті. Ол дінді адам өмірінің барлық саласымен байланыстыра отырып, оны жеке тұлғаның рухани жетілуінің басты тетігі ретінде қарастырды.

Өздеріңізге мәлім, шариғатымызда әулиелер – Алла Тағаланың сүйген құлдары. Раббымыз оларды бұл дүниеде де, ақыретте де айрықша сипаттармен атап, дәрежелерін көтерген. Құран Кәрімде Жаратушы Жаббар Иеміз: «Біліп қойыңдар, расында, Алланың әулие құлдары үшін ешқандай қорқыныш пен қауіп-қатер жоқ. Олар – шынайы түрде иман келтіргендер һәм тақуалықты ұстанғандар. Оларды бұл дүниеде де, ақыретте де сүйіншілейміз. Алланың сөздерінде (һәм үкімдерінде) өзгеріске жол берілмейді. Міне, ең ұлы жетістік, ең зор табыс – осы», – деген» деді.

Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы «Һибатулла Тарази» мешітінің жамағатымен бірге дұға жасап, Алла Тағаладан еліміз бен жеріміздің тыныштығын, амандығын тіледі.










Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру