Бас мүфти кезекті жұма насихатын онлайн режимде айтты (ВИДЕО)

03 сәуір 2020 6195 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы әр жұма сайын HIKMET TV арнасының Youtube желісіндегі каналынан жұма насихатын айтып келеді. Бүгінгі жұма насихатында Бас мүфти «Мұсылманның ісі – Аллаға тәуекел ету» тақырыбында әсерлі әңгіме өрбітті.

Тәуекел деген не? Оны қалай түсінеміз? Тәуекелдің түрлері қандай? Бас мүфти уағызында осы сұрақтар төңірегінде тұщымды насихат айтты.

«Адам баласы жасап жатқан ісінің нәтижесі қандай боларын білмейді. Сол себепті пенде әрбір ісін құдыреті күшті Алла Тағалаға тапсырып, тәуекел етеді. Тәуекел Аллаға деген кәміл иманмен байланысты. Иманы кәміл болмаған жан шынайы тәуекел жасай алмайды» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сөз соңында Бас мүфти ел мұсылмандарын истиғфар мен салауат айтуға шақырып, Алла Тағаладан еліміздің есендігі, жұртымыздың амандығын сұрап, дұға етті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру