БАС МҮФТИ ХӘКІМ АБАЙДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

11 тамыз 2023 1324 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапары барысында «Орбита-3» мешітінде жұма намазына қатысып, Хәкім Абайдың рухына арнайы Құран бағыштады.

Жұма намазына жиналған жамағатпен бірге дұға жасаған Бас мүфти: «Уа, Раббым, халқымыздың алып тұлғасы, данышпан, ойшылы Ибраһим Құнанбайұлын мейіріміңе бөлей гөр. Оның ұлтымызға, ұрпағына қалдырған мол рухани мұрасын сауаптан жазып, пәниде жасаған қате-кемшіліктерін кешіргейсің. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың, жастарымыздың тура жолда болып, ұлт шамшырағы Абай шығармаларымен сусындап өсуін нәсіп ет! Әмин» деді.

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық мешітінде «Имани гүл» тақырыбында Хәкім Абайдың Алланы, адамзатты, әділетті сүю турасында айтқан өсиетін арқау еткен уағыз айтылды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру