БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

03 қараша 2022 3228 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласында  «Қожа Ахмет Яссауи һәм ихсан ілімі» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-танымдық конференциясында баяндама жасады.

«Ғұлама бабамыз Қожа Ахмет Яссауи «Диуани Хикмет» өлеңдер жмнағында адамгершілік пен имандылықты ту етіп, күш-қайратын ізгілік жолына арнап, ақиқатты жырлады. Бүкіл түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеді. Мəңгілік махаббатты, жанпида ғашықтықты, риясыз адалдық пен асқақ адамгершілікті жырлады. Ислам дінінің өлмейтін-өшпейтін құндылықтарын дәріптеді.

Оның өлеңдері оғыз-қыпшақ тілінде айтылғандықтан, халық арасында тез тарап үлгерді. Себебі Ислам құндылықтарын жырлағандықтан әрі тілі ұғынықты болғандықтан, түркілер тарапынан қолдау тапты. Ахмет Яссауи әр мұсылманның бойында Аллаға деген зор сүйіспеншілік, Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген ыстық махаббат болу керектігін сүйсіне жырлады. Тіпті Аллаға дұға еткенде: «Уа, Алла! Өзіңе және Пайғамбарыңа бізді ғашық ет» деп жалбарынды.

Мұсылмандарды көркем мінезді болуға шақырып, түркі халықтарының көзін ашып, Аллаға деген иманын арттырып, Исламға деген танымын кеңейтті» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Айта кетсек, конференция жұмысына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ибраһим Иномов (онлайн), Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Абибилла ажы Қыдырбердиев (онлайн), белгілі ғалым, профессор Досай Кенжетай, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәмшедин Керім,  PhD доктор Мұхан Исахан т.б. ғалымдар мен имамдар, ал өзге аймақтардағы дін қызметкерлері онлайн режимде қатысты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру