Бас мүфти көпбалалы аналарға сый жасап, студентке тегін оқу грантын табыстады (ФОТО)

08 наурыз 2019 4937 0
Оқу режимі

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз "Нұр Мүбəрак" университетінің студенттерімен кездесіп, Исламдағы əйел мəртебесі жайлы уағыз айтты. 

"Адамзат өміріндегі үлкен аманатты арқалап жүрген құрметті аналар, әпке-қарындастар баршаңызды халықаралық көктем мерекесімен құттықтаймыз. Сіздердің орындарыңыз жайлы Ислам дініндегі деректердің өзі көп мағлұмат береді. Адамзат тарихындағы ардақты 4 анамыздың жәннатпен сүйіншіленуі, пайғамбарды дүниеге әкелген Мәриям анамыздың атымен сүре түсуі, толықтай бір сүренің әйелдерге арналып, мирас, мұрагерлік, т.б. құқықтарын қамтуы сіздердің қоғам өміріндегі орындарыңызды көрсетеді", — деп жүрекжарды лебізін білдірді Серікбай қажы Ораз.\

Келген құрметті қонақтарға алғысын білдіріп, сөз алған "Нұр-Мүбарак" ректоры, профессор Мухаммад әл-Жинди жиылған бүкіл жаулықты қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, әлемнің бір бөлшегі ретінде Мысыр елінде де халықаралық әйелдер мерекесі аталып өтетініне тоқталды. 

Сондай-ақ, Алматыдағы Мысыр мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталық директоры Ранда Махмуд Ризк ханым да ізгі лебізімен қоса университеттегі бірнеше үздік ханымдарға сый-сыяпатын табыс етті.

Мерекенің сәнін Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың көпбалалы бірнеше анаға кір жуғыш, тігін машиналары, сондай-ақ университетте білім алушы көп балалы отбасында өскен 1 курс студенті Аяна Шораға білім грантын табыс етуі аша түсті. Бас мүфти атындағы грант 4 курс бойы төленбек. Алдағы уақытта университеттің үздік  студенттеріне осындай гранттар көбейту де жоспарда бар.

 

 

Пікірлер Кіру